Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

19.02.2025

Жарияланымдар · 11

Мемлекет басшысы Иордания музейіне барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Амманға ресми сапары аясында Иордания музейін аралап көрді. Мемлекет басшысын аталған нысанда ханзада Әли бен әл-Хусейн, Иордания музейі Қамқоршылар кеңесі төрағасының орынбасары, ханшайым Сумайя бинт Хасан мен музей директоры Ихаб Амарин қарсы алды.

19:45Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Король II Абдалланы «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

19:10Жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейн Бірлескен мәлімдеме қабылдады

Мемлекет басшысы Бірлескен мәлімдемеде Корольді таққа отырғанына 25 жыл толуымен құттықтады. Бұл мерейлі дата былтыр тойланған болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Мәртебелінің парасатты басшылығымен саяси, әлеуметтік-экономикалық, әкімшілік және басқа да салаларды қамтитын ауқымды реформалар жүзеге асырылғанын атап өтті.

18:18Мемлекет басшысының қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнмен келіссөз жүргізді

Әл-Хусейния сарайында Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

17:31Мемлекет басшысының қызметі

2030 жылға дейін еліміздің транзиттік тасымалдау көлемі 74 млн тоннаға жеткізілмек

Көлік министрлігі транзиттік жүк тасымалын дамытуға ерекше көңіл бөлуде. Қазіргі таңда елімізде 5 теміржол және 8 автокөлік дәлізі қалыптасып, тиімді жұмыс істеп тұр. Былтыр Қазақстан арқылы транзиттік жүк тасымалы 34 млн тоннадан асты, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 6%-ға көп. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі Көлік саясаты департаментінің директоры Нұрлан Кеңесов ОКҚ алаңында мәлімдеді.

15:10Жаңалықтар

Ел ішінде және халықаралық бағыттар бойынша қатынайтын пойыздардың вагондары жаңартылып жатыр

Биыл жолаушылардың жайлылығы мен теміржол тасымалының сапасын арттыру үшін 226 жаңа  вагон сатып алынады. Аталған жаңа вагондар 13 бағыт бойынша  қатынайды, оның ішінде Алматы-2 – Өскемен, Павлодар – Пресногорьковск, Астана – Семей, Астана – Қызылту – Петропавл сынды маршруттар бар. Сонымен қатар халықаралық Алматы – Новосібір, Қарағанды – Омбы, Алматы – Мәскеу, Алматы – Қазан бағыттары бойынша вагондары жаңартылады. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Келбуғанов ОКҚ баспасөз конференциясында айтты.

15:00Жаңалықтар

Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуеті артады

2029 жылға дейін теміржолдардың 11 мың шақырымында күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Жөндеу жұмыстарының жоспары бойынша 2023-2024 жылдары 2800 шақырымы осы жұмыспен қамтылды. Қазіргі таңда қолданыста 1800-ге жуық локомотив бар, былтыр 185 локомотив сатып алынса, биыл 200 локомотив алынады. Бұл жайында ҚР Көлік министрлігі теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Келбуғанов ОКҚ баспасөз конференциясында хабарлады.

14:50Жаңалықтар

Еліміздің теміржол саласында 4 ірі жоба жүзеге асырылып жатыр

Мемлекет басшысы Қазақстанды Еуразия құрлығында транзиттік хабқа айналдыру жөнінде тапсырма берген. Соған байланысты теміржол саласында 1300 шақырымды құрайтын 4 ірі инфрақұрылымдық жоба іске асырылып жатыр. Атап айтқанда, Достық – Мойынты және Алматы айналма жобасы, Дарбаза – Мақтарал және Қытай елімен қосатын Аягөз – Бахты теміржол өткелі салынуда. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Келбуғанов ОКҚ баспасөз конференциясында хабарлады.

14:40ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Үкімет ең ірі 6 әуежайдың аумағында АЭА ашу туралы шешім қабылдады

Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде авиация саласын дамыту, сондай-ақ Қазақстан аумағында халықаралық әуе хабтарын құру бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Primeminister.kz.

11:37Жаңалықтар

Авиацияны дамыту: Қазақстанда жаңа әуежайлар салынып, әуе қатынасы кеңейтілуде

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Катонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарында шағын өңірлік авиацияның жаңа әуежайларын салу жобалары іске асырылып жатыр. Құрылыс маусымының ашылуына барлық қажетті дайындық жұмыстары жүргізілуде. Әуежайлар ұзындығы 2 мың метрден асатын ұшу-қону жолақтарымен жабдықталады, деп хабарлайды Primeminister.kz

10:32Жаңалықтар

Қазақстандықтарға 60 млрд теңгеден астам сомада мүгедектігі және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер төленді

Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 53,2 млрд теңге жұмсалды. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 7,4 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

09:31Жаңалықтар