2029 жылға дейін теміржолдардың 11 мың шақырымында күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Жөндеу жұмыстарының жоспары бойынша 2023-2024 жылдары 2800 шақырымы осы жұмыспен қамтылды. Қазіргі таңда қолданыста 1800-ге жуық локомотив бар, былтыр 185 локомотив сатып алынса, биыл 200 локомотив алынады. Бұл жайында ҚР Көлік министрлігі теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Келбуғанов ОКҚ баспасөз конференциясында хабарлады.