Биыл жолаушылардың жайлылығы мен теміржол тасымалының сапасын арттыру үшін 226 жаңа вагон сатып алынады. Аталған жаңа вагондар 13 бағыт бойынша қатынайды, оның ішінде Алматы-2 – Өскемен, Павлодар – Пресногорьковск, Астана – Семей, Астана – Қызылту – Петропавл сынды маршруттар бар. Сонымен қатар халықаралық Алматы – Новосібір, Қарағанды – Омбы, Алматы – Мәскеу, Алматы – Қазан бағыттары бойынша вагондары жаңартылады. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Келбуғанов ОКҚ баспасөз конференциясында айтты.