Көлік министрлігі транзиттік жүк тасымалын дамытуға ерекше көңіл бөлуде. Қазіргі таңда елімізде 5 теміржол және 8 автокөлік дәлізі қалыптасып, тиімді жұмыс істеп тұр. Былтыр Қазақстан арқылы транзиттік жүк тасымалы 34 млн тоннадан асты, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 6%-ға көп. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі Көлік саясаты департаментінің директоры Нұрлан Кеңесов ОКҚ алаңында мәлімдеді.