Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

05.05.2025

Жарияланымдар · 8

Жер асты суларын іздеу, бағалау, бақылау және қорғау жұмыстары күшейтілді

Су саласын цифрландыру аясында Ұлттық ақпараттық жүйе құру көзделген. Жаңа Су кодексіне су шаруашылығы құрылыстарын есепке алу, олардың жағдайын бағалау, баламалы су көздерін пайдалану, еріген қар суын арнайы рұқсатсыз жинау және суаруға пайдалану, су нысандарын бақылау бойынша нақты нормалар енгізілді.

14:50Жаңалықтар

Қазақстанда ірі сауда, ойын-сауық орталықтарында өрттен зардап шеккендерге келтірілген залалдың орнын толтыру көзделуде

2025 жылы адамдар көп жиналатын объектілер иелеріне жауапкершіліктің жүктелген сақтандыруын енгізу жоспарда бар. Сонымен қатар апатты тәуекелдерден сақтандыру жүйесін көп деңгейлі ету және бірнеше көзден өтемақы төлеу көзделген. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева мәлімдеді.

12:00ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру: 12 мыңға жуық адам мерзімінен бұрын зейнетке шықты

Биыл сақтанушылардың құқықтарын қорғаудың қосымша шараларын қабылдау жоспарда бар. Атап айтқанда, банктік қарыздарды алу кезінде сақтандыру шығындарын азайту үшін заңнамалық түзетулер әзірленді. Осылайша, банктік қарыздармен байланысты сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру агенттерінің комиссиясы сақтандыру сыйлықақысы сомасының 10%-нан аспауға тиіс. Бұл түзетулер ағымдағы жылдың қазан айында күшіне енеді деп күтілуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева хабарлады.

11:50Жаңалықтар

Қазақстанда ерікті сақтандыруға сұраныстың өсуі байқалады

Дамыған елдерде сақтандыру секторының активтері орта есеппен ЖІӨ-нің 7-8% құрайды, бұл оның экономикаға интеграциялануының жоғары дәрежесін көрсетеді. Қазақстанда бұл көрсеткіш әлі де төмен. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ол ЖІӨ-нің 2,4%. құрады. Оған қарамастан, соңғы жылдары сақтандыру нарығының негізгі көрсеткіштерінің оң серпіні байқалады. 2024 жылы сақтандыру ұйымдарының жиынтық активтері өткен жылмен салыстырғанда 25%-ға ұлғайып, 3,2 трлн теңгеге жетті. Соңғы бес жылда бұл көрсеткіш 2,5 есе өсті. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева мәлімдеді.

11:40ОКҚ баспасөз іс-шаралары

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

Қазақстан ТЖМ ауылдық елді мекендердегі қауіпсіздікті нығайту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Осының шеңберінде жергілікті атқарушы органдарды өртке қарсы қорғауды нығайтуға қолдау көрсету бойынша «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы іске асырылуда, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

10:47Жаңалықтар

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

2025-2027 жылдары елімізде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауылдық аумақтарды білікті кадрлармен қамтамасыз етуде шешуші рөл атқара отырып, белсенді іске асырылуда, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі.

09:49Жаңалықтар

Мүгедектікті белгілеу бойынша 35 мыңға жуық өтінім сырттай форматта қаралды

2025 жылдың басынын бастап мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінен 34,9 мың өтінім қаралды. Бүгінде сырттай форматта куәландыру 30 нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

09:36Президенттің тапсырмалары

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасы – APLO-2025 өз мәресіне жетті. Қытай, Австралия, Гонконг, Жапония, Малайзия, Иран, Корея, Сингапур, Таиланд сияқты АТА елдерінің дарынды оқушыларын біріктірген беделді зияткерлік жарысқа биыл  500-ге жуық оқушы қатысты, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

09:23Жаңалықтар