Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасы – APLO-2025 өз мәресіне жетті. Қытай, Австралия, Гонконг, Жапония, Малайзия, Иран, Корея, Сингапур, Таиланд сияқты АТА елдерінің дарынды оқушыларын біріктірген беделді зияткерлік жарысқа биыл 500-ге жуық оқушы қатысты, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.