Су саласын цифрландыру аясында Ұлттық ақпараттық жүйе құру көзделген. Жаңа Су кодексіне су шаруашылығы құрылыстарын есепке алу, олардың жағдайын бағалау, баламалы су көздерін пайдалану, еріген қар суын арнайы рұқсатсыз жинау және суаруға пайдалану, су нысандарын бақылау бойынша нақты нормалар енгізілді.