Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

29.05.2025

Жарияланымдар · 21

Қазақстан Президенті БҰҰ-ның жоғары өкілдерімен кездесу өткізді

19:14Жаңалықтар

Мемлекет басшысы БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) бас директоры Цюй Дунъюймен кездесті

18:53Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Ален Берсені қабылдады

Кездесуде Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланды.

18:11Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының бас директоры Дарен Тангты қабылдады

Әңгімелесу барысында зияткерлік меншік саласындағы Қазақстанның әлеуетін арттыруға, экожүйені нығайтуға және орнықты білім экономикасын құруға бағытталған бірлескен бастамалар талқыланды.

17:42Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Google компаниясының Орталық және Шығыс Еуропа бойынша вице-президенті Патрик Ворнкингті қабылдады

Астана халықаралық форумы аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Google компаниясының Орталық және Шығыс Еуропа бойынша вице-президенті Патрик Ворнкингпен кездесті.

17:11Жаңалықтар

Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің ережелері бекітілді

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру, инклюзивті және арнайы білім беруді жүйелі түрде нығайту аясында «Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі ережелерін бекіту туралы» жаңа бұйрық қабылданды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

16:46Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Жаһандық жасыл даму институтының төрағасы Пан Ги Мунмен кездесті

Астана халықаралық форумы алаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаһандық жасыл даму институтының төрағасы, БҰҰ-ның сегізінші Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесу өткізді.

16:41Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ауғанстан өнеркәсіп және сауда министрінің міндетін атқарушы Нуриддин Азизиді қабылдады

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Ауғанстанды аймақтағы маңызды серіктес ретінде қарастыратынын және екі ел арасында сенім мен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін атап өтті.

16:20Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Миграция жөніндегі халықаралық ұйымның бас директоры Эми Поупты қабылдады

АIF аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық миграция ұйымның – БҰҰ көші-қон жөніндегі агенттігінің бас директоры Эми Поуппен кездесті.

15:43Мемлекет басшысының қызметі

Қазақстанда бүйректің созылмалы ауруын емдеуге арналған инновациялық препараттың өндірісі іске қосылды

Қазақстанда Алматы қаласындағы «Нобел Алматы фармацевтикалық фабрикасы» АҚ базасында созылмалы бүйрек ауруын (СБА), созылмалы жүрек жеткіліксіздігін және 2 типтегі қант диабетін емдеуге арналған инновациялық препаратты жергілікті өндіру жолға қойылды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

15:38Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл әл-Мазуриді қабылдады

Астана халықаралық форумының алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл әл-Мазуримен кездесті.

15:19Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Францияның сыртқы сауда делегат-министрі Лоран Сен-Мартенді қабылдады

Мемлекет басшысы Астана халықаралық форумының аясында Франция сыртқы сауда делегат-министрі Лоран Сен-Мартенмен, Франция Ұлттық ассамблеясы шетелдік істер жөніндегі комиссиясының президенті Бруно Фукспен, сондай-ақ EDF, SUEZ және Sanofi компанияларының жетекшілерімен кездесті.

14:49Мемлекет басшысының қызметі

Балалардың амандығы – мемлекеттің маңызды міндеті

АҢДАТПА!

14:46Баспасөз хабарламалары

2025 жылдың басынан бері 4,4 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

2025 жылы 4 427 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 152 мыңнан астам этникалық қазақ оралды. Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың 45,8% Қытайдан, 40,9% – Өзбекстаннан, 5,4% –  Түрікменстаннан, 3% – Монғолиядан, 2,3% – Ресейден және 2,6 басқа елдерден, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

14:00Жаңалықтар

Теміржол вокзалдарын қайта құру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде

Қазір Қазақстанда теміржол желілері бойынша жолаушылар мен жүктерді үздіксіз және қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету, сондай-ақ жаңа транзиттік жүк ағындарын тарту үшін бірнеше жоба іске асырылуда. Олар туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР КМ Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Жәнібек Тайжанов айтып берді.

12:10Жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының Пленарлық сессиясында сөз сөйледі

12:09Жаңалықтар

Қазақстанда әйелдерге арналған вагондар саны артып келеді

Қазақстанда 1 маусымнан бастап әйелдерге арналған қосымша вагон іске қосылады. Сонымен қатар жол жүру құжаттарын онлайн-сатудың үлесі 80% -ды құрайды. ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Жәнібек Тайжанов Қазақстанда теміржол саласы қалай дамып жатқаны туралы айтты.

12:00Жаңалықтар

Қазақстанда жазғы демалыс кезінде жаңа пойыздар іске қосылады

ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Жәнібек Тайжанов туристік және халықаралық бағыттардың дамуына тоқталды. Бүгіннен бастап 7 маусымға дейін Сиянь – Алматы жолаушылар пойызы іске қосылады. Пойыз Қазақстан Республикасындағы Қытай туризм жылы аясында ұйымдастырылған.

11:50ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Жазда 7 млн астам жолаушыны теміржол көлігімен тасымалдау жоспарда бар

Елдің магистральдық теміржол желісі бойынша 154 маршрут жүреді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша теміржол көлігімен 20,8 млн жолаушы тасымалданды, өсім 6% деңгейінде болды. Биыл 7% өсіммен 22 млн жолаушы тасымалданады деп күтілуде. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Жәнібек Тайжанов мәлімдеді.

11:40Жаңалықтар

Қазақстанда франциялық компаниямен бірлесіп сүт безі обырының скринингі бойынша жоба іске асырылуда

Астанада сүт безі обырын ерте анықтауға бағытталған FASEP пилоттық жобасының іске қосылуы өтті. Жоба Францияның C3Medical компаниясымен бірлесіп, Республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығының базасында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

09:47Жаңалықтар