2025 жылы 4 427 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 152 мыңнан астам этникалық қазақ оралды. Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың 45,8% Қытайдан, 40,9% – Өзбекстаннан, 5,4% – Түрікменстаннан, 3% – Монғолиядан, 2,3% – Ресейден және 2,6 басқа елдерден, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.