Қазір Қазақстанда теміржол желілері бойынша жолаушылар мен жүктерді үздіксіз және қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету, сондай-ақ жаңа транзиттік жүк ағындарын тарту үшін бірнеше жоба іске асырылуда. Олар туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР КМ Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Жәнібек Тайжанов айтып берді.