Күн жаңалықтары
30.05.2025
Жарияланымдар · 16
Мемлекет басшысы бірінші «Орталық Азия – Италия» саммитіне қатысты
Саммитті ашқан Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға сапармен келгені және бүгінгі жоғары деңгейдегі кездесуге бастамашы болғаны үшін Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелониге ризашылығын білдірді.
Мемлекет басшысы Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президентіне ілтипат білдіре отырып, оның бірінші «Орталық Азия – Италия» саммитіне қатысуы мемлекетаралық көпқырлы қарым-қатынастарды одан әрі ілгерілету тұрғысынан маңызды екенін атап өтті.
Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында 530 пайдалы қазбалар кен орны мемлекеттік теңгерімге енгізілген
Қазақстанда минералдық-шикізат базасын толықтыру мақсатында геологиялық барлауды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Мемлекет басшысы Италия Министрлер Кеңесінің төрағасымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Джорджа Мелонимен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Жиынға екі ел делегациялары қатысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелони келіссөз жүргізді
Ақордада Астанаға ресми сапармен келген Италия Министрлер кеңесінің төрағасы Джорджа Мелониді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
Биыл наурыз айында «Құрсақтан бастап 2 жасқа дейінгі 1001 күн» бағдарламасы іске қосылды
Елімізде балаларға 6 республикалық орталық, 26 балалар ауруханасы және 75 балаларды оңалту орталығы медициналық көмек көрсетеді. Биыл тағы 12 оңалту орталығын ашу жоспарда бар. Балалар туылған сәттен бастап туа біткен гипотериоз, фенилкетонурия ауруларын анықтау үшін неонаталдық, есту қабілітінің бұзылуын анықтау үшін аудиологиялық, денсаулығына жоғары қауіп бар жаңа туылған нәрестелер арасында көздің тор қабығының патологиясын анықтау мақсатында офтальмологиялық және дамуында бұзылыстары бар балаларды анықтауға бағытталған психо-физикалық 4 түрлі скрининг жүргізіледі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті директорының міндетін атқарушы Майра Бейсен ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында хабарлады.
Елімізде 2,1 млн балалы отбасы мемлекеттен жәрдемақы алып отыр
Балалы отбасылардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау – мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарының бірі. Ана мен баланы әлеуметтік қолдау әлеуметтік көмек және әлеуметтік сақтандырудың көп деңгейлі жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. Олар республикалық бюджеттен төленетін жәрдемақының 5 түрі және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін 2 төлем түрінен қамтылады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаментінің директоры Асқар Аймағамбетов ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде осылай деп мәлімдеді.
Ата-аналық бақылау қосымшалары туралы ақпарат БАҚ-та кеңінен таратылып жатыр
Мәдениет және ақпарат министрлігі өз құзыреттері шеңберінде балаларды зиянды ақпараттан қорғауға, жас ұрпақтың мәдени және зияткерлік дамуына жәрдемдесуге, сондай-ақ саналы ата-ана болу идеясын ілгерілетуге бағытталған кешенді шараларды іске асырып жатыр. «ҚР балаларды зиянды ақпараттан қорғау туралы» заңы талаптарының сақталуын бақылау шеңберінде БАҚ өнімдерінде, интернет ресурстар мен әлеуметтік желілерде тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жастар және отбасы істері жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Лира Раисова ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында хабарлады.
Қазақстандық әкелер бала тәрбиесіне белсенді қатыса бастады
Қазақстан бала құқықтарын қорғау саласында тұрақты түрде оң өзгерістерге қол жеткізіп отыр. Қазақстандағы БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар қорының өкілі, доктор Рашед Мұстафа Сарвар ОКҚ дөңгелек үстелде осындай бағасын берді. Ол соңғы екі жылда елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заң қабылдауды және «Ұлттық қор-балаларға» бағдарламасын іске қосуды қоса алғанда, елеулі реформалар жүргізілгенін атап өтті.
ТЖМ балаларға төтенше жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін үйретеді
Балалардың қауіпсіздігін қамту – ТЖМ қызметінің басты бағыттарының бірі. Осы орайда, ведомство тиімді шаралар қабылдап жатыр. Ол үшін әр өңірде профилактикалық үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі. ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде осылай деп мәлімдеді.
БҰҰ-ға мүше мемлекеттер балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қазақстандық реформаларға жоғары баға берді
ҚР оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде балалардың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығын қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі екенін атап өтті. Осы орайда жауапты ведомство көптеген шараны қолға алып отыр. Мәселен, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы алшақтықты азайту және өңірлерде балаларды сапалы білім алу үшін лайықты жағдайлармен қамтамасыз ету мақсатында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы іске асырылуда.
Балаларға қамқорлық – бұл бірлескен жауапкершілік және мемлекеттік саясаттың нақты басымдығы
Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтай отырысында берілген тапсырмасы шеңберінде Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен бірлесіп, Парламент депутаттары мен жұртшылық өкілдерінің қатысуымен Балалардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі барлық шараны біріктіретін «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Болашақ бағдарламаның құрылымында сапалы білімге қол жеткізу, балалардың денсаулығы, отбасыларды әлеуметтік қорғау және қолдау, қауіпсіздік, спорт, шығармашылық және балаларды қоғамдық өмірге тарту, отбасының рөлін нығайту, саналы ата-ана болу және әке болуды қолдау сияқты негізгі бағыттар бар. ҚР оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде осылай деді.
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу салалық бағыттар негізінде жүзеге асырылады
Мемлекеттік басқару жүйесі үшін талантты жастарды анықтау және тарту мақсатында ағымдағы жылы Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу өтеді. Іріктеуге өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1 маусымнан бастап pkrezerv.gov.kz сайтында жүргізіледі. Құжаттар 30 маусымға дейін қабылданады, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі.
Қазақстанда газ тасымалдау инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Мемлекет басшысының энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және газбен жабдықтаудың сенімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында ҚР Энергетика министрлігі «QazaqGaz» ҰК» АҚ-мен бірлесе отырып, елдің тозған газ тасымалдау инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту жұмыстарын жалғастыруда. Жұмыстардың негізгі бағыты – «Орта Азия – Орталық» (ОАО) магистральдық газ құбырларын күрделі жөндеу, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазақстанда алғашқы халықаралық аутлет орталығы салынады
Астанада өткен Халықаралық форум (AIF) аясында елімізде алғашқы халықаралық аутлет-орталығын салу туралы Бас келісімге қол қойылды. Ауқымды жоба Алматы облысында QSM тобының бастамасымен жүзеге асырылады. Жобаның стратегиялық серіктесі ретінде коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығында 60 жылдан астам тәжірибесі бар австриялық Ekazent Management GmbH компаниясы таңдалды, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігі.
Қазақстанда спорт, өнер және қосымша білім беру бағыттары бойынша бірыңғай ваучер жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылады
Мемлекет жыл сайын балалардың шығармашылық үйірмелерге, спорттық секцияларға және қосымша білім беру бағдарламаларына қатысуын қаржыландырып келеді. Алайда жүргізілген тексерістер барысында бірқатар күрделі заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.