Мемлекеттік басқару жүйесі үшін талантты жастарды анықтау және тарту мақсатында ағымдағы жылы Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу өтеді. Іріктеуге өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1 маусымнан бастап pkrezerv.gov.kz сайтында жүргізіледі. Құжаттар 30 маусымға дейін қабылданады, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі.