Мемлекет басшысының энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және газбен жабдықтаудың сенімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында ҚР Энергетика министрлігі «QazaqGaz» ҰК» АҚ-мен бірлесе отырып, елдің тозған газ тасымалдау инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту жұмыстарын жалғастыруда. Жұмыстардың негізгі бағыты – «Орта Азия – Орталық» (ОАО) магистральдық газ құбырларын күрделі жөндеу, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.