Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

06.08.2025

Жарияланымдар · 8

Ақмола облысында ауылдық аудандардан келген жүкті әйелдерге арналған пансионат ашылды

Көкшетауда көпбейінді облыстық аурухананың перинаталдық орталығының базасында «Дені сау ана» пансионатының ашылуы өтті. Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен құрылған жаңа нысан ана мен баланың денсаулығын сақтауға және перинаталдық нәтижелерді жақсартуға бағытталған, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

17:34Жаңалықтар

Олжас Бектенов өткізу пункттерін жаңғырту жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы жиын өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы берген халықаралық автокөлік өткізу пункттерін реконструкциялау жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысы бойынша жиын өткізді. Онда көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, қаржы министрінің міндетін атқарушы Ержан Біржанов, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұмановтың баяндамалары тыңдалды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

14:49Жаңалықтар

МӘМС бойынша сақтандырылғандар өз мәртебесін жоғалтудан қорғалады

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін реформалау стратегиялық басымдық болып табылады, деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің МӘМС жетілдіру және талдау департаментінің директоры Ләззат Шоманова. Негізгі жаңалықтардың ішінде тұрақты жарналар шарты аясында сақтандырылушы мәртебесін сақтау мерзімін 3 айдан 6 айға дейін ұзарту және медициналық қызметтердің сапасы мен денсаулық сақтаудағы қаржылық қызметтің ашықтығына бақылауды күшейту болды.

11:50Жаңалықтар

МӘМС жүйесімен қосымша миллионнан астам адам қамтылатын болады

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру реформасының негізгі бағыттары мен күтілетін нәтижелері айтылды. Олар туралы ҚР ДСМ МӘМС жетілдіру және талдау департаментінің директоры Ләззат Шоманова ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында баяндады.

11:40ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Қазақстан армиясында PSY-тәуекел жүйесі енгізілуде: психоэмоционалдық ауытқулары бар әскерге шақырылушылар қызметке жіберілмейді

Қазақстанда әскерге шақырылушыларды іріктеудің жаңа әдістемесі – PSY-суицидтік мінез-құлыққа бейімділікті ерте анықтауға бағытталған тәуекелді ауқымды енгізу басталады. Инновация жеке құрамның психологиялық тұрақтылығын арттыруға және әскердегі қайғылы оқиғалардың алдын алуға арналған, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігі.

11:09Жаңалықтар

Жыл басынан бері мүгедектігі бар адамдар агрегаторлар арқылы инватакси қызметіне 266 мыңнан астам тапсырыс берді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметін көрсету кезінде такси агрегаторларын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде 2025 жылдың басынан бастап Астана мен Алматы қалаларында аталған қызмет 266,8 мың рет көрсетілді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

09:56Жаңалықтар

Қазақстанның оңтүстік облыстарында егіс алқаптарын суаруға жоспарланған су көлемінің 80%-дан астамы алынды

Суару маусымының басынан шілде айының соңына дейін еліміздің оңтүстігінде егіс алқаптарына 8,15 млрд текше метрден астам су алынды. Биыл вегетация кезеңінде жалпы көлемі 10,1 млрд текше метр су алу жоспарланған. Осылайша, суару кезеңінің соңына дейін тағы шамамен 2 млрд текше метр су алынады, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

09:43Жаңалықтар

Қызылорда облысында қайтарылған активтер қаражаты есебінен 7 млрд теңгеге жаңа медициналық мекемелер салынады

Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында Қазақстанда заңсыз шетелге шығарылған активтерді елге қайтару арқылы әлеуметтік нысандар салу жұмыстары жалғасып жатыр. Арнаулы мемлекеттік қордан Қызылорда облысындағы денсаулық сақтау саласындағы бірқатар жобаға шамамен 7 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:07Жаңалықтар