Күн жаңалықтары
07.08.2025
Жарияланымдар · 10
1,8 млн тонна арпа экспортталды
Қазақстан 2024–2025 жылының ағымдағы кезеңінде арпа экспортын айтарлықтай арттырды. 2024 жылғы қыркүйектен 2025 жылғы тамызға дейінгі аралықта арпаның сыртқа жеткізілу көлемі 1,82 млн тоннаны құрады, бұл өткен маусымның осы кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп (+952,6 мың тонна), деп хабарлайды ҚР АШМ.
Орталық Азия елдері зілзалалар қаупін азайту саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде
Алматыдағы Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалар қаупін азайту орталығы базасында Орталық Азия елдерінің төтенше ведомстволары басшыларының кездесуі өтті. Орталық қызметінің тұсаукесері және Өзбекстан мен Тәжікстанның оның бағдарламалары және бастамаларына қосылу мүмкіндігі талқылаудың негізгі тақырыбы болды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Марғұлан Баймұхан ҚР Таиланд Корольдігіндегі Елшісі, ЭСКАТО жанындағы ҚР Тұрақты өкілі болып тағайындалды
Мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері анықталды
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімін жариялайды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Алматыда ерте диагностиканың арқасында онкологиялық аурулардан болатын өлім азайып келеді
2025 жылдың алты айының қорытындысы бойынша Алматыда онкологиялық аурулардан болатын өлімді төмендету бойынша тұрақты оң динамика сақталуда. 2019 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 30%-ға төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 60,2 жағдайды құрады, бұл белгіленген нысаналы деңгейден төмен және елдегі ең үздік нәтижелердің бірі болып саналады, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Жарты миллионнан астам бала балабақшаларға ваучер алды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылдан бастап Қазақстанда мектепке дейінгі ұйымдарда ваучерлік қаржыландыру жүйесі кезең-кезеңімен енгізілуде. Ваучерлік қаржыландыру тетігі еліміздің 20 қаласы мен 7 ауданында жүзеге асырылуда. Бұл жоба мектепке дейінгі білім беру саласында қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабардайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Отандық тауар өндірушілер энергетика мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуға тартылады
Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның тәжірибелік кезеңінің басталуы туралы айтты, деп хабарлайды UKIMET.
СҚО-дағы «Келешек мектептері»: жаңа оқу жылында Береке шағын ауданында заманауи мектеп өз есігін ашады
Бұл – Президенттің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ұлттық жобасы аясындағы Петропавлдағы екінші білім ордасы, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі.
2025 жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 359 мыңнан астам қызмет алды
2025 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдардың 359,1 мың тапсырысы орындалды, оның ішінде: оңалтудың техникалық құралдарына (ОТҚ) шамамен 279 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 8,3 мың – ымдау тілі қызметін, 46,3 мың – жеке көмекшінің, 46,3 мың – санаторийлік-курорттық емдеу қызметін алды, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Алматы облысында мектеп оқушыларына құқықтық мәдениет оқытылады
Жаңа оқу жылынан бастап Алматы облысының мектептері мен колледждерінде құқықтық мәдениет бойынша қосымша сабақтар өткізіледі. Бұл жоба Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында жүзеге асырылады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.