Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

08.08.2025

Жарияланымдар · 16

Қазақстан туралы фейктер: олардың таралуының артында кім тұр және қандай мақсаттар көзделуде. Жалған ақпаратқа қарсы күрес орталығының талдауы

ОКҚ жанынан құрылған жалған ақпаратқа қарсы күрес орталығының кезекті шығарылымы желіде белсенді талқыланатын қауіпті тақырыптардың біріне арналған. Қазақстан туралы фейктер: неге бізді құқықтық мемлекет емес екендігіне сендіреді?

17:31Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі қылмыстық ахуал мен ішкі істер органдары жүзеге асырып жатқан Заң мен тәртіп қағидатының орындалуы туралы баяндалды.

16:42Жаңалықтар

А. Құнанбаевтың туған жерінде өтетін шараларға 30 мыңнан астам адам қатыспақ

Абай облысында ұлы ақын Абай Құнанбаевтың мерейтойына орай көптеген шара ұйымдастыру көзделген. Оған 30 мыңнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр. Олардың арасында 15 елден шетелдік делегация, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, жастар, өнер өкілдері және БАҚ өкілдері бар. Қазір Абай ауданында 200-ден астам киіз үй тігіліп жатыр. Шараларды ұйымдастыруға жүздеген мәдениет қайраткері, аспаздар, техникалық мамандар, 530 волонтер, ардагерлер атсалысады. Бұл туралы Абай облысы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Мұстафин ОКҚ брифингінде мәлімдеді.

16:30ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Абай Құнанбаевтың туған жеріне экспедиция жіберілді

Астана қаласында Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына орай 140-тан астам іс-шара ұйымдастырылады. Ең алдымен, 10 тамыз күні елордадағы Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою жоспарланған. Ал, 8-11 тамыз аралығында Абайдың туған жеріне 25 адамнан құрылған экспедиция өтеді. Оның құрамында белгілі тарихшылар, қоғам қайраткерлері, депутаттар, қоғамдық кеңес мүшелері, журналистер мен блогерлер бар. бұл жайында Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Досжан Исабек ОКҚ алаңындағы баспасөз мәслихатында айтты.

16:20Жаңалықтар

Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай қандай шаралар ұйымдастырылатыны жарияланды

Биыл еліміздің барлық өңірінде қазақтың ұлы ақыны, ғұлама ойшылы Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған 5 мыңнан аса түрлі форматтағы іс-шаралар жоспарланып, іске асырылуда. Аталған мерейтойға арналған халықаралық және республикалық деңгейдегі жоспар бекітілген. Бұл жоспар 100-ден аса түрлі форматтағы ең ірі іс-шараларды қамтиды. Басты іс-шаралар ақынның туған жерінде – Абай облысында Абай күні аясында күні өткізілмек. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасы Ерлан Дәкенов ОКҚ алаңында хабарлады.

16:10Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан инвесторлар қауымдастығының төрағасы Болат Ақшолақовты қабылдады

Президентке Инвесторлар қауымдастығы қызметінің басым бағыттары мен негізгі бастамалары таныстырылды. Бұл ұйым Мемлекет басшысының ақпан айындағы ірі бизнес өкілдерімен кездесуде берген тапсырмасына сай құрылған болатын.

15:33Жаңалықтар

Арман Әбдірәсілов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды

15:07Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

15:02Жаңалықтар

Тұрғын үйлерді пайдалануға беру бойынша рекордтық көрсеткіш, процестерді цифрландыру және ОТӨ-ні қолдау: құрылыс саласы бойынша Президент тапсырмалары қалай жүзеге асырылуда

Бүгінде құрылыс саласының ел экономикасындағы үлесі ЖІӨ-нің 6%-ын құрайды. Құрылыс саласының ішінде тұрғын үй құрылысы басты бағыттардың бірі болып қалып отыр. Бұл сектор соңғы алты жыл бойы тұрақты өсім көрсетіп келеді. Қазақстан жыл сайын құрылыс қарқынын арттыруда, бұл – жеке құрылыс компанияларының белсенділігі мен ынталандырушы мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесі, деп хабарлайды Primeminister.kz.

14:48Президенттің тапсырмалары

Мемлекет басшысы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровты қабылдады

Президентке бизнес-омбудсменнің 2024 жылы атқарған жұмысының нәтижелері туралы есеп берілді.

13:46Жаңалықтар

Абай Құнанбаевтың 180 жылдығы

АҢДАТПА!

13:29Баспасөз хабарламалары

Азық-түлік өнімдерін өндіру 1,4 есеге артты – 2,3 трлн теңгеден 3,3 трлн теңгеге дейін

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені тұрақты өсімді көрсетуде. Бұл ауыл шаруашылығын қолдау саласындағы мемлекеттік саясаттың жүйелі жүзеге асырылуының нәтижесі. Соңғы жылдардағы негізгі жетістіктердің бірі – азық-түлік өнімдерін өндіру көлемінің айтарлықтай артуы болды: 2021 жылы 2,3 трлн теңгеден 2024 жылы 3,3 трлн теңгеге дейін өсіп, 1,4 есеге артты.

12:26Жаңалықтар

Азық-түлік келісімшарт корпорациясының астық базалары жаңа егінді қабылдауға дайын

«Астық қоймалары» ЖШС (Азық-түлік келісімшарт корпорациясының еншілес кәсіпорны) 2025 жылғы өнімнің астықтарын қабылдауға, сақтауға және жөнелтуге арналған өндірістік нысандарды дайындау жұмыстарын аяқтады. Астық қабылдау пункттерінің материалдық-техникалық базасын қалпына келтіру және жаңғырту жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

11:33Жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында экологиялық мақсаттарға 54 млн текше метрден астам су жіберілді

Жыл басынан бері «Қазсушар» РМК Батыс Қазақстан филиалы табиғатты қорғау мақсатында су жіберу және табиғи шабындықтарды суару үшін 54 млн текше метрден астам су жіберді. Атап айтқанда, Жәнібек суару-суландыру жүйесі арқылы бүгінге дейін 7,9 млн текше метр су, ал Орал-Көшім суару-суландыру жүйесі арқылы 22,25 млн текше метр су жіберілді, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

10:43Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық мектептері мен колледждерінде отандық «ДосболLIKE» антибуллингтік бағдарламасы іске қосылады

Жаңа оқу жылынан бастап Қазақстанда алғаш рет барлық мектептер мен колледждерде балалар мен жасөспірімдер арасындағы буллинг оқиғаларын азайтуға, білім беру ұйымдарында қауіпсіз, қолдаушы және өзара құрметке негізделген орта қалыптастыруға бағытталған отандық «ДосболLIKE» профилактикалық бағдарламасы енгізіледі. Бағдарлама балалардың әл-ауқаты индексінің қағидаттары мен халықаралық және отандық нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес әзірленген және буллингке қарсы күрестегі үздік халықаралық тәжірибелерге сүйенеді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

09:23Жаңалықтар

267 мың қазақстандық Skills Enbek платформасында оқыды

2025 жылдың басынан бері 267,2 мың азамат, оның ішінде 45,2 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында (Платформа) онлайн-курстардан өткені туралы сертификаттар алды. Платформада барлығы 809,8 мың қазақстандық тіркелген, оның 311,1 мыңы – 2025 жылы тіркелді. Бұл ретте платформа жұмысының барлық кезеңінде 678,1 мың адам оқудан өтті, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

09:03Жаңалықтар