Астана қаласында Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына орай 140-тан астам іс-шара ұйымдастырылады. Ең алдымен, 10 тамыз күні елордадағы Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою жоспарланған. Ал, 8-11 тамыз аралығында Абайдың туған жеріне 25 адамнан құрылған экспедиция өтеді. Оның құрамында белгілі тарихшылар, қоғам қайраткерлері, депутаттар, қоғамдық кеңес мүшелері, журналистер мен блогерлер бар. бұл жайында Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Досжан Исабек ОКҚ алаңындағы баспасөз мәслихатында айтты.