«Астық қоймалары» ЖШС (Азық-түлік келісімшарт корпорациясының еншілес кәсіпорны) 2025 жылғы өнімнің астықтарын қабылдауға, сақтауға және жөнелтуге арналған өндірістік нысандарды дайындау жұмыстарын аяқтады. Астық қабылдау пункттерінің материалдық-техникалық базасын қалпына келтіру және жаңғырту жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.