Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені тұрақты өсімді көрсетуде. Бұл ауыл шаруашылығын қолдау саласындағы мемлекеттік саясаттың жүйелі жүзеге асырылуының нәтижесі. Соңғы жылдардағы негізгі жетістіктердің бірі – азық-түлік өнімдерін өндіру көлемінің айтарлықтай артуы болды: 2021 жылы 2,3 трлн теңгеден 2024 жылы 3,3 трлн теңгеге дейін өсіп, 1,4 есеге артты.