2025 жылдың басынан бері 267,2 мың азамат, оның ішінде 45,2 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында (Платформа) онлайн-курстардан өткені туралы сертификаттар алды. Платформада барлығы 809,8 мың қазақстандық тіркелген, оның 311,1 мыңы – 2025 жылы тіркелді. Бұл ретте платформа жұмысының барлық кезеңінде 678,1 мың адам оқудан өтті, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.