Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылдан бастап Қазақстанда мектепке дейінгі ұйымдарда ваучерлік қаржыландыру жүйесі кезең-кезеңімен енгізілуде. Ваучерлік қаржыландыру тетігі еліміздің 20 қаласы мен 7 ауданында жүзеге асырылуда. Бұл жоба мектепке дейінгі білім беру саласында қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабардайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.