Суару маусымының басынан шілде айының соңына дейін еліміздің оңтүстігінде егіс алқаптарына 8,15 млрд текше метрден астам су алынды. Биыл вегетация кезеңінде жалпы көлемі 10,1 млрд текше метр су алу жоспарланған. Осылайша, суару кезеңінің соңына дейін тағы шамамен 2 млрд текше метр су алынады, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.