Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы берген халықаралық автокөлік өткізу пункттерін реконструкциялау жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысы бойынша жиын өткізді. Онда көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, қаржы министрінің міндетін атқарушы Ержан Біржанов, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұмановтың баяндамалары тыңдалды, деп хабарлайды Primeminister.kz.