Күн жаңалықтары
13.08.2025
Жарияланымдар · 10
2025 жылы 400-ден астам қосымша білім беру ұйымы ашылды
2025 жылы балаларды қосымша білім берумен қамту 3,2 млн баладан 3,4 млн-ға дейін ұлғайды. Олардың 62%-ы тегін үйірмелер мен секцияларға қатысады – бұл өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға артқанын көрсетеді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Кәсіпкерлерге 3,5 трлн теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетілді
2025 жылғы 31 шілдедегі жағдай бойынша «Бәйтерек» холдингі кәсіпкерлерге 3,5 трлн теңгеге қолдау көрсетті, оның 1,75 трлн теңгесі – ШОБ субъектілеріне, 657,5 млрд теңгесі АӨК-ке тиесілі. Ірі бизнес 1,38 трлн теңгеге, экспорттаушылар – 394 млрд теңгеге қолдау алды. Субсидиялардан кепілдіктерге көшу шеңберінде «Даму» қорының базасында 7 млрд теңгеге дейінгі ШОБ жобалары және 7 млрд теңгеден астам ірі жобалар үшін кепілдік қорлары құрылды, деп хабарлайды UKIMET телеграм каналы.
Негізгі капиталға салынған инвестиция 16,1%-ға өсті
Үкіметтің баспасөз орталығы алаңында өткен баспасөз конференциясында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин экономикаға инвестиция тарту жөніндегі жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды UKIMET телеграм каналы.
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Жиында нашақорлық күрделі әлеуметтік және құқықтық құбылыс ретінде қарастырылып, наркотизмге қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Қарағанды облысында HOWO жүк көліктерінің өндірісі жолға қойылады
Саран қаласында Қарағанды облысының өнеркәсіптік әлеуетін арттыратын жаңа зауыт салынады. Мұнда әйгілі HOWO маркалы жүк және арнайы техника шығарылады. Құрылыс жұмыстары басталып кетті, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғалы бері 870-тен астам нысан мемлекет меншігіне алынды
Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылған сәттен бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында еліміздің 10 облысында коммуналдық гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқару жөніндегі мамандандырылған мекемелер құрылды. Бүгінде олардың балансына 872 нысан қабылданды, 283 арнайы техника берілді, 1 197 маман жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
«Ұлттық тауарлар каталогын міндетті пайдалану туралы
АҢДАТПА!
Қазақстанда Starlink спутниктік интернет қызметтері іске қосылды
13 тамызда Starlink компаниясы Қазақстан Республикасының аумағында спутниктік интернет қызметтерін ресми түрде ұсына бастады. Бұл еліміздің тұрғындарына SpaceX компаниясына тиесілі төмен орбиталы Starlink спутниктері желісі арқылы жоғары жылдамдықты және сенімді интернетке қосылуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.
Жыл басынан бері 221 мыңнан астам адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылды
2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 221,7 мың адам қамтылды, 292,2 мың қазақстандық жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институтын одан әрі дамытуға Үкімет резервінен қаражат бөлінді
Мемлекет басшысының Каспий теңізі проблемаларын кешенді зерттеу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде «Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты» КеАҚ-қа Үкімет резервінен 305 млн теңге бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.