Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

14.08.2025

Жарияланымдар · 10

Қызылорда облысында қайтарылған активтер қаражаты есебінен 7 млрд теңгеге жаңа медициналық мекемелер салынады

Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында Қазақстанда заңсыз шетелге шығарылған активтерді елге қайтару арқылы әлеуметтік нысандар салу жұмыстары жалғасып жатыр. Арнаулы мемлекеттік қордан Қызылорда облысындағы денсаулық сақтау саласындағы бірқатар жобаға шамамен 7 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті.

17:14Аймақтар жаңалықтары

Премьер-министр Мемлекет басшысының Қырғызстанмен шекарадағы өткізу пункттерін жаңғырту жөнінде берген тапсырмасының орындалу барысымен танысты

Премьер-министр Олжас Бектенов Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының көлік-логистика саласын одан әрі дамыту мақсатында шекаралық өткізу пункттерін жаңғырту жөнінде берген тапсырмасының орындалу барысын тексерді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

16:13Президенттің тапсырмалары

Президент Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды.

15:33Жаңалықтар

Ұлттық тауарлар каталогын енгізу сауданың барлық 20 саласын қамтиды және бірыңғай деректер стандартын әзірлеуге сеп болады

Қазақстанда «Ұлттық тауарлар каталогы» мемлекеттік деректер базасын құру процесі жалғасуда. Бұл – елдегі барлық тауар үшін бірыңғай цифрлық эталон. Онда әр тауардың бірегей GTIN / NTIN коды болады. Бүгінде базада 15 млн тауар бар. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов мәлімдеді.

14:50ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Елімізде Ұлттық тауарлар каталогы әзірленді

Бүгінде Сауда және интеграция министрлігі сауда саласын цифрландыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде. Бұл процестің негізгі элементі – әр тауар бірегей сәйкестендіру кодын алатын Ұлттық тауарлар каталогын құру. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қабылданған заңнамалық түзетулерге сәйкес Қазақстан аумағында тауарларды сату кезінде осы кодты пайдалану міндетті болады. Бұл туралы ҚР сауда және интеграция вице-министрі  Әсет Нүсіпов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

14:40Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Астана қаласы бойынша өкілі Баян Жалмағанбетованы қабылдады

Кездесуде адам құқықтарын қорғау, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау мәселелері талқыланды.

12:31Мемлекет басшысының қызметі

Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық авиация паркін жаңартты

Қазақстанда санитариялық авиацияның әуе техникасы паркін жаңарту аяқталуда. Ескірген ұшақтар толығымен пайдаланудан шығарылады. Олардың орнын халықаралық медициналық авиация стандарттарына сәйкес келетін заманауи және қауіпсіз әуе кемелері алады, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

11:21Жаңалықтар

Қазақстанда мектепке дейінгі білім беру саласындағы құзыреттілік орталықтарының саны артты

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2023 жылдан бастап мектепке дейінгі ұйымдарда «Құзыреттілік орталықтары» пилоттық жобасы іске қосылды. Олар озық педагогикалық тәжірибені енгізу, тәрбиешілердің біліктілігін арттыру және ата-аналар, педагогтер мен мектепке дейінгі ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту алаңына айналды. Бүгінде Қазақстанда 330 Құзыреттілік орталығы жұмыс істейді, оның 180-і қалаларда, 150-і ауылдық жерлерде орналасқан, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

10:39Президенттің тапсырмалары

Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифті құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Ислам Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Премьер-министр Шахбаз Шарифке құттықтау жеделхатын жолдады.

10:00Жаңалықтар

Нашақорлық профилактикасы және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі республикалық штаб құрылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қауіпсіздік Кеңесі отырысында берген тапсырмаларын орындау шеңберінде Премьер-министрдің өкімімен Нашақорлық профилактикасы және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі республикалық штаб құрылды. Оған Премьер-министр басшылық етеді, басшының орынбасарлары ретінде Премьер-министрдің орынбасары және ішкі істер министрі айқындалды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

08:56Жаңалықтар