Бүгінде Сауда және интеграция министрлігі сауда саласын цифрландыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде. Бұл процестің негізгі элементі – әр тауар бірегей сәйкестендіру кодын алатын Ұлттық тауарлар каталогын құру. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қабылданған заңнамалық түзетулерге сәйкес Қазақстан аумағында тауарларды сату кезінде осы кодты пайдалану міндетті болады. Бұл туралы ҚР сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.