Қазақстанда санитариялық авиацияның әуе техникасы паркін жаңарту аяқталуда. Ескірген ұшақтар толығымен пайдаланудан шығарылады. Олардың орнын халықаралық медициналық авиация стандарттарына сәйкес келетін заманауи және қауіпсіз әуе кемелері алады, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.