Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

28.08.2025

Жарияланымдар · 14

Ауыл шаруашылығы санағының онлайн кезеңі 20 қыркүйекке дейін ұзартылды, одан кейін дала жұмыстары басталады

Үкіметте вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының барысы қаралды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылғы 28 тамыздағы жағдай бойынша Sanaq.gov.kz платформасында 236,9 мың ауыл шаруашылығы құрылымы тіркелген. Оның ішінде 226,2 мыңы немесе Бюроның жоспарында көрсетілгендердің 85,3%-ы сауалнамадан өткен, деп хабарлайды Primeminister.kz.

17:25Жаңалықтар

Қазақстанда онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу қолжетімді бола түсуде

Қазақстанда онкологиялық қызметті жаңғырту бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Мақсат – онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуді барлық өңірлердің тұрғындары үшін қолжетімді ету және обырмен күрестің тиімділігін арттыру, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

16:49Жаңалықтар

Цифрлық трансформация және салаларды цифрландыру туралы

АҢДАТПА!

16:17Баспасөз хабарламалары

Мемлекет басшысы Сьерра-Леоне Президентінің арнаулы өкілін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сьерра-Леоне Президентінің арнаулы өкілі – Сыртқы істер министрі Тимоти Муса Кабба екі ел ынтымақтастығының перспективасын талқылады.

15:47Жаңалықтар

ЖОО жанында ахуалдық және дағдарыс орталықтары жұмыс істейді

Еліміздің бірқатар ЖОО-лары жанынан ахуалдық және дағдарыс орталықтары ұйымдастырылды. Ахуалдық орталық студенттерді жатақханалардағы орындар туралы хабардар етеді, дағдарыс орталықтары форс-мажор жағдайларда тұрғын орынмен қамтамасыз етеді. Ахуалдық орталық Қазақ ұлттық педагогикалық қыздар университетінде, дағдарыс орталығы М. Тынышпаев атындағы көлік және логистика университетінде орналастырылды. Бұл туралы ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының м.а. Ақерке Абылайхан ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

15:20Жаңалықтар

Жатақхана тапшылығы мәселесі мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында тиімді шешіліп жатыр

Өткен жылмен салыстырғанда елімізде мектеп түлектерінің саны 30 мыңға көп. Ал, грант алуға құжат тапсырғандар саны 9 мыңға артық. Осы орайда студенттерді жатақханамен қамту мәселесі әлі де өзекті болып қала береді. Мәселен, Алматы қаласында тапшылық 8 мың орынды құрайды. Олардың 6166-сы жеке меншік хостелге, 1027-сі қонақ үйлерге орналастырылды. Бұл туралы ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының м.а. Ақерке Абылайхан ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

15:10ОКҚ баспасөз іс-шаралары

ЖОО жанындағы 58 жатақханада күрделі жөндеу жүргізілді

ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында жоғары оқу орындарының инфрақұрылымы мәселесіне тоқталып өтті. Оның хабарлауынша, қазір заманауи дизайны бар, жасыл кампус тұжырымдамасымен және шетелдік студенттік резиденциялар форматына сәйкес келетін жатақханалар салуға мүмкіндік бар.

15:00ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Елімізде жасанды интеллект негіздері бойынша курстан 390 мыңнан астам студент өтті

Биылғы оқу жылының ерекшелігі – білім бағдарламаларына AI-Sana жобасының кіріктірілуі. Президент тапсырмасы бойынша AI-Sana бағдарламасы іске қосылды. Бұл бағдарлама студенттердің білімді қоғам мен болашақ экономикасы үшін құнды жобаларға айналдыра алуына жағдай жасайды. Әрбір студент өз мамандығында жасанды интеллекті қолдануды меңгеріп, болашақта жаңа технологиялар жасап немесе стартаптар аша алады. ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлім еткендей, бағдарлама базалық оқыту, тереңдетілген дайындық, жобалар әзірлеу, акселерация секілді бірнеше кезеңнен тұрады.

14:50Жаңалықтар

Биыл гранттардың 99%-ы игерілді

Ағымдағы жылы елімізде ұлттық бірыңғай тестілеуге 210 мыңнан астам талапкер қатысты, оның ішінде 160,5 мың адам немесе 76,35% жоғары білім алуға қажетті шекті балды жинаы. 2025 жылы мемлекеттік білім гранттарының конкурсына 113 мыңға жуық өтінім берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 мыңға артық. Биыл жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 93 232 грант бөлінді, оның ішінде 77 мыңнан астам грант жоғары білімге арналған. Бұл туралы ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

14:40Жаңалықтар

Президенттің атынан Шахтер күні қарсаңында сала мамандары мен ардагерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етілді

Шахтер күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Премьер-министр Олжас Бектенов көмір өнеркәсібінің ардагерлері мен мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, мемлекеттік наградалар табыс етті, деп хабарлайды Primeminister.kz.

12:32Президенттің тапсырмалары

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Ақордада сегіз мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілері мен Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.

12:20Жаңалықтар

Жасанды интеллектті қолдану бойынша мұғалімдерге тегін оқыту жүргізілуде

Қазақстандық педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыруға бағытталған оқыту басталды. Жаңа оқу жылы қарсаңында мұғалімдердің кәсіби даярлығын заманауи талаптарға сай жетілдіру мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ЮНЕСКО-мен бірлесіп жаңа бағдарламаны іске қосты. Бағдарлама халықаралық тәжірибе негізінде әзірленіп, қазақстандық оқу жүйесіне бейімделген, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

10:23Жаңалықтар

Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру

АҢДАТПА!

09:39Баспасөз хабарламалары

Солтүстік Қазақстан облысында 900-ден астам нысан мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделген

Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Солтүстік Қазақстан облысында 909 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы, «Аманат» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған жол картасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

09:02Президенттің тапсырмалары