Күн жаңалықтары
29.08.2025
Жарияланымдар · 14
Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерейтойлық медалі бекітілді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерейтойлық медалі бекітілді.
2025 жылғы күзгі әскерге шақыру науқаны
АҢДАТПА!
Жоғары сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру ХҚКО-дағы кезектерді екі есеге қысқартуға мүмкіндік береді
Қазақстанның ХҚКО-дағы кезектерді азайту мақсатында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі уәкілетті органдармен бірлесіп, жоғары сұранысқа ие 10 қызметке реинжиниринг жүргізуді жоспарлап отыр. Олар барлық сұраныстың шамамен 80%-ын құрайды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун мәлімдеді.
Орман өрттеріне ден қою уақыты 3 есе қысқарды
Қазақстанда орман өрттерін ерте анықтаудың автоматтандырылған жүйесі енгізілді. 148 камера ең қауіпті және үлкен орман алқабы бар жерлерде орнатылған. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун мәлімдеді.
Цифрлық трансформация: процестердің реинжинирингі қазақстандықтардың өмірін қалай жеңілдетеді
2021-2025 жылдары Қазақстанда 31 мемлекеттік орган бойынша 1 549 бизнес-процеске реинжиниринг жүргізілді. Қаралған процестер бойынша іс-шаралар жоспарларына қол қойылды, онда НҚА-ға өзгерістер енгізу, ақпараттық жүйелерді пысықтау және нысаналы пайымдарды іске асыру үшін басқа да ұсынымдар қарастырылған. Бүгінгі таңда мемлекеттік органдар оңайлатылған процестерді іске асыру бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияның 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда сөз сөйледі
Қазақстанда отбасының әл-ауқатын бағалаудың жаңа тәсілдері қолданылмақ
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік қорғау жүйесін өзгертуге кірісті. Осыған байланысты мемлекеттік қолдау шараларын бөлудің категориялық қағидатынан мұқтаждықтың ашық және объективті өлшемдеріне көшу жүзеге асырылады. Бұл тәсілдер тек кірістер мен мүлікті ғана емес, сонымен бірге тәуелді жүктемені де ескереді: нақты қанша отбасы мүшесі жұмыс істейді және қаншасы экономикалық тұрғыда белсенді емес. Жасырын кірістер де анықталады – тұрғын үйді жалға беруден бастап бейресми жұмыспен қамтуға дейін. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин мәлімдеді.
Қазақстанда әлеуметтік салада жасанды интеллектті қолдану аясы кеңеюде
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып жобалар іске асырылуда. Әлеуметтік-еңбек саласында жүргізіліп жатқан кешенді жұмыс туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтып берді.
Қазақстанда жыл басынан бері әлеуметтік-еңбек саласында 4 млн астам мемлекеттік қызмет көрсетілді
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді жүйелі түрде дамытуда. Бұл қызметтердің ерекшелігі – олар адамды өмір бойы-туғаннан бастап зейнетке шыққанға дейін сүйемелдейді. Бүгінгі таңда 49 қызметтің 45-і толығымен электрондық форматқа ауыстырылды, ал олардың 28-і белсенді түрде көрсетіледі. Бұл туралы ОКҚ алада өткен баспасөз конференциясында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин мәлімдеді.
Қате ме, әлде қасақана жасалған әрекет пе? Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының нақтылықтың жоқтығынан күн тәртібі қалай бұрмаланатыны туралы талдауы
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының жаңа шығарылымында жарияланымдарда қасақана түрде жол берілген қателер манипулициялау құралына қалай айналып, аудитория үшін нарративті бұрмалаулар тудыруға алып келетіні туралы айтылады.
Сауран ауданында «Келешек мектептері» жобасы аясында 300 орындық мектеп ашылды
Сауран ауданында Конституция күні қарсаңында 300 орынға арналған «Келешек мектептері» жобасы аясында Сұлтанбек Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектеп ашылды, деп хабарлайды Түркістан облысының әкімдігі.
25,3 млрд теңге ата-аналардың есепшотына аударылды: «Жалпыға бірдей білім беру қоры» арқылы оқушылар 100% қамтылды
Жаңа оқу жылының қарсаңында әлеуметтік осал санаттағы оқушылардың барлығы «Жалпыға бірдей білім беру қоры» аясында толық қамтылды. Жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сәйкес ата-аналардың және заңды өкілдердің есепшоттарына мектеп формасын, аяқ киім мен оқу-құралдарын сатып алуға 25,3 млрд теңге аударылды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз кейінгі ұрпақтың жарқын болашағы үшін бейбітшілікті нығайтуымыз керек»
Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: Әділетті Қазақстанның негізі – «Заң мен тәртіп» қағидасы
Қазіргі қоғамда заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мемлекеттің тұрақты дамуының негізі болып саналады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында басқарушы органдар алдына әрбір азамат өзін қорғауда сезінетін және мемлекеттік институттарға сенетін тиімді қауіпсіздік жүйесін құру міндетін қойды. Бүгінде Қазақстанда Үкімет бұл жұмысты кешенді түрде жүргізуде: қылмыстың алдын алу шаралары күшейтіліп, цифрлық технологиялар енгізілуде, заңнама жетілдіріліп, мемлекет пен қоғам арасындағы әріптестік нығайтылуда, деп хабарлайды Primeminister.kz.