ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді жүйелі түрде дамытуда. Бұл қызметтердің ерекшелігі – олар адамды өмір бойы-туғаннан бастап зейнетке шыққанға дейін сүйемелдейді. Бүгінгі таңда 49 қызметтің 45-і толығымен электрондық форматқа ауыстырылды, ал олардың 28-і белсенді түрде көрсетіледі. Бұл туралы ОКҚ алада өткен баспасөз конференциясында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин мәлімдеді.