Қазақстанда орман өрттерін ерте анықтаудың автоматтандырылған жүйесі енгізілді. 148 камера ең қауіпті және үлкен орман алқабы бар жерлерде орнатылған. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун мәлімдеді.