Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

27.08.2025

Жарияланымдар · 15

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король ІІ Абдалла Қазақстан-Иордания бизнес-форумына қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Король ІІ Абдалланы Астанада қарсы алуды өзіне зор мәртебе санайтынын жеткізді.

17:16Жаңалықтар

Қазақстан Президенті мен Иордания Королі Astana Hub кластеріне барды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен ІІ Абдалла бен әл-Хусейн Astana Hub халықаралық кластерін аралау барысында еліміздің ІТ және жасанды интеллект саласындағы жетістіктерімен танысты.

16:41Жаңалықтар

«Келешек мектептері»: 3 мыңнан астам педагог біліктілігін арттырады

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға арналған кешенді бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда. Жыл соңына дейін 3 мыңнан астам педагог онлайн-оқытудан өтеді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

15:45Президенттің тапсырмалары

2025-2026 оқу жылының басталуы: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі басымдықтар мен міндеттер

АҢДАТПА!

14:57Баспасөз хабарламалары

«Қолжетімді емхана»: скринингпен қамтылған қазақстандықтардың саны 4 миллионға жетті

МСАК тиімділігін арттыру – отандық денсаулық сақтауды дамытудағы негізгі басымдық. Соңғы бір жарым жылдың ішінде емханалар мен амбулаториялар жұмысындағы тәсілдер қайта қаралды. Басты назар «Қолжетімді емхана» тұжырымдамасына аударылады, ол медициналық көмекті халыққа жақындатады және ыңғайлы етеді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

14:42Жаңалықтар

ІІ Абдалла Қасым-Жомарт Тоқаевты Иордан Хашимит Корольдігінің «Әл-Нахда» жоғары орденімен наградтады

Иордания Королі ІІ Абдалла Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Иордан Хашимит Корольдігінің «Әл-Нахда» жоғары орденін тапсырды.

14:19Жаңалықтар

Қазақстан Президенті мен Иордания Королі кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен II Абдалла бен әл-Хусейн келіссөзді екі елдің ресми делегация мүшелерінің қатысуымен жалғастырды.

14:18Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король ІІ Абдалла шағын құрамда келіссөз жүргізді

Ақордада елімізге ресми сапармен келген Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейнді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

12:51Жаңалықтар

Тәртіп сақшылары мектептердің антитеррорлық қорғалуын тексерді

Бірер күнде ел мектептері оқушыларға есігін айқара ашады. Балалардың «үй-мектеп-үй» бағытымен жүретін уақыты барлық ересек буынның ерекше назарын талап етеді. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасы Қайсар Сұлтанбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ата-аналарға мұғалімдер және полиция қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс істеу керектігін ескертті. Яғни әр баланың мектепке баратын ең қауіпсіз жолын анықтап, баланың сол жолды жатқа біліп, қауіпсіз бару қайтуын қамтамасыз ету қажет.

12:00ОКҚ баспасөз іс-шаралары

ІІМ мектеп бағдарламасына жол ережелері бойынша сабақтарды жеке міндетті пән ретінде енгізуді ұсынып отыр

Ел жұртшылығының назарын балалардың жолдағы қауіпсіздігі мәселесіне аудару мақсатында түрлі профилактикалық акция өткізіліп жатыр. Мәселен, балалардың жол-көлік жарақаты жағдайын тұрақтандыруға бағытталған іс-шаралар іске асырылып келеді. Сонымен қатар сала мамандары жолдағы балалардың апаттылығын және кәмелетке толмағандарды жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларына үйретуге бағытталған пәндерді оқытудың қазақстандық тәжірибесін басқа елдермен салыстырылып жатыр. Білім беру процесінде жол ережелерін оқыту курстарын қолдану тәсілдерінің айтарлықтай айырмашылығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, бұл Қазақстан Республикасының мектептерінде жол ережелерін оқытуға бөлінген болмашы сағаттардың санына қатысты. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасы Қайсар Сұлтанбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.

11:50Жаңалықтар

Балалардың жолдағы қауіпсіздігі басты назарда

Елімізде жол апаттарын тіркеу ережелерінің өзгеруіне қарамастан қабылданған шаралардың нәтижесінде бүгінде жол апаты жыл басында 75%-ға дейін өскен. Қазір апат санының өсу қарқыны 51%-ға дейін түсіп отыр. Жарақат алғандар саны жыл басында 91%-ға өскен, ал бүгінде бұл көрсеткіштің 63%-ға дейін төмендегені байқалып отыр. Жол апаттарында қаза тапқандар саны 8%-ға дейін төмендеді. Егемендік алған сәттен бастап ел автопаркі 2 млн-нан 5,5 млн-ға дейін, яғни 2,5 есеге артқан, ал халық саны 3,5 млн адамға көбейді. Қазақстан арқылы өтетін транзиттік көлік саны 3 млн-нан асып отыр. Бұл  статистикалық мәліметтерді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасы Қайсар Сұлтанбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

11:40Жаңалықтар

Цифрлық штаб шешімі азаматтарға eGov, Aitu және eOtinish қызметтеріне тұрақты қолжетімділікті қамтамасыз етеді

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Цифрлық штабта Мемлекет басшысының цифрландыру саласындағы алға қойған міндеттерін жүзеге асыру бағытында бірқатар шешім қабылданды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

11:08Президенттің тапсырмалары

Жыл басынан бері халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында әлеуметтік инспекторлар 860-тан астам тексеру жүргізді

2025 жылдың басынан бері әлеуметтік инспекторлар 860 тексеру жүргізді, оның 343-і жоспардан тыс, 272 – профилактикалық бақылау шеңберінде, 245 – прокуратураның талабы бойынша өтті. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 405 ұйғарым берілді, 54,3 млн теңгеден астам сомаға 260 айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

10:20Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Молдова Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Майя Санду мен Молдова халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

09:07Жаңалықтар

Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы 10,4 млн-нан астам адамды игілікке ұйыстырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» ауқымды республикалық экологиялық акциясы өтуде. Бұл бастаманың мақсаты – еліміздегі экологиялық жағдайды жақсарту ғана емес, сонымен қатар азаматтардың экологиялық жауапкершілікті ойлауын қалыптастыру, сана мен ой тазалығын сақтау, отансүйгіштік, табиғатты аялау мәдениетін дамыту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғамның қатысуын арттыру, деп хабарлайды Primeminister.kz.

08:54Президенттің тапсырмалары