Күн жаңалықтары
26.08.2025
Жарияланымдар · 14
Қазақстанда жылына 150 мың тонна жүгері өңдейтін крахмал-сірне зауыты іске қосылады
Түркістан облысында «Казкрахмал» ЖШС жүгеріні терең өңдеу жобасын жүзеге асыруды жалғастыруда. Қазіргі таңда шикізатты қабылдау, кептіру және сақтау кешендері іске қосылды. Өндірістік қуаттарды енгізу және қалдықсыз өңдеу технологиясын қолдану жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Мемлекет басшысы Тәжікстан Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасы Рустами Эмомалиді қабылдады
Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасы Рустами Эмомали қазақ-тәжік стратегиялық серіктестігі және одақтастық қатынастарын парламентаралық байланыстарды дамыту тұрғысынан талқылады.
Қазақстанда 90 мыңға жуық бала «Балақайлар мектебі» бағдарламасы бойынша мектепалды дайындықтан өтті
Жазғы демалыс кезінде бірінші сыныпқа баратын балаларға бірдей бастапқы мүмкіндік беру мақсатында мектепалды дайындыққа арналған «Балақайлар мектебі» қысқа мерзімді бағдарлама ұйымдастырылды, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі.
Жамбыл облысында агродрондар өндірісі жолға қойылды
«UNICROP» ЖШС Жамбыл облысында агродрондарды құрастыру кәсіпорнын іске қосты. Жаңа жоба Қазақстанның инновациялық ауыл шаруашылығын дамытудағы маңызды қадам және елдің агроөнеркәсіптік кешеніне озық технологияларды енгізуге ықпал етеді. Өндіріс жылына 500–1000 агродрон құрастыруға есептелген, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Үкіметте энергетика саласы бойынша Президент Жолдауын жүзеге асыру және жылыту маусымына дайындық барысы қаралды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында алдағы жылыту маусымына дайындық барысы қаралды. Онда энергетика министрі Ерлан Ақкенженов энергия көздері мен жылу желілерінің дайындығы және көмірмен қамтамасыз ету туралы, өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев әлеуметтік сала нысандарын, тұрғын үй қоры мен инженерлік инфрақұрылымның дайындығы туралы баяндама жасады. Бірқатар өңір әкімдері тыңдалды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Оқу жылы қарсаңында балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету
АҢДАТПА!
Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Хань Чуньлинді қабылдады
Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына жасайтын алдағы сапарына дайындық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Тяньцзинде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне және «ШЫҰ плюс» отырысына қатысу бағдарламасы пысықталды.
«Таза Қазақстан» акцияларына қатысатын азаматтар саны артып келеді
«Таза Қазақстан» бастамасының негізгі бағыттарының бірі – көгалдандыру және елдің ормандылығын арттыру. Мәселен, мемлекеттік орман қоры аумағында 1 млрд 369 млн көшет, оның ішінде Арал теңізінің құрғаған түбіне сексеуіл көшеттерінің 48,7 млн данасы отырғызылды. Өткен жылдың соңында Қазалы қаласындағы 33 га алаңда қуаттылығы жылына 3 млн көшет болатын орман питомнигінің құрылысы аяқталды. Питомникте агротехникалық талаптарды ескере отырып, 10 га алаңда сексеуіл тұқымы егілді. Бұл туралы ҚР ЭТРМ Экологиялық мәдениет және саясат департаментінің директоры Дәулет Есмағамбетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында 1,6 млн тоннадан астам қалдық жиналды
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Үкімет қаулысымен «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған Тұжырымдамасы бекітілді. Құжат азаматтардың экологиялық мәдениетін, табиғатқа деген құрметін қалыптастыруға, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсінуге және экологиялық мәселелерді шешуге белсенді қатысуға бағытталған. Бұл тұжырымдамада экологиялық бастамаларға белсенді қатысатын бизнес пен ірі кәсіпорындар маңызды рөл атқарады. Бұл туралы ҚР ЭТРМ Экологиялық мәдениет және саясат департаментінің директоры Дәулет Есмағамбетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
@TazaQazBot чат-ботына 17 мыңға жуық өтініш түсті
Елімізде қоқыс үйінділеріне қоғамдық бақылауды күшейту үшін Telegram цифрлық құралы – @TazaQazBot чат-боты белсенді түрде қолданылуда. Ол тұрғындарға үйінділердің пайда болу фактілері туралы тікелей хабарлауға, фотосуреттерді қосуға және өтініштерді орындау нәтижелері бойынша кері байланыс алуға мүмкіндік береді. Жыл басынан бері порталға 17 мыңға жуық өтініш түсіп, оның 15 мыңнан астамы орындалды. Олардың басым бөлігі аумақтарды тазалау, көшелерді абаттандыру және тұрмыстық қалдықтарды шығару мәселелеріне қатысты. Бұл туралы ҚР ЭТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ерболат Қожықов ОКҚ алаңында өткен брифингте хабарлады.
Елімізде заңсыз полигондар саны азайды
Заңсыз қоқыс үйінділерін жою мәселесі мемлекеттік экологиялық саясаттың өзекті міндеттерінің бірі болып қала береді. Экология және табиғи ресурстар министрлігі заңсыз полигондардың пайда болуының алдын алу, анықтау және жоюды бақылау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Соңғы жылдары анықталған заңсыз полигондар санын азайтудың оң үрдісі байқалып тұр. Егер 2020 жылы жою деңгейі 66% ғана болатын 8884 полигон анықталса, 2024 жылы олардың саны 4886-ға дейін азайып, оның 93%-ы жойылды. Бұл туралы ҚР ЭТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ерболат Қожықов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлім етті.
Үкіметте елдің 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы қаралды
Мемлекет басшысының тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет отырысында елдің 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы қаралды. Негізгі макроэкономикалық индикаторлар туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.
208 мыңнан астам қазақстандық арнайы мемлекеттік жәрдемақы алады
Қазақстанда ел алдындағы айрықша еңбегі үшін немесе төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен азаматтарға қосымша әлеуметтік көмек ретінде республикалық бюджеттен ай сайын арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша, оның алушылардың саны 208 668 адамды құрады, оларға 15,7 млрд теңге төленді. Бұл мемлекеттік қолдау түрі Қазақстанда 1999 жылы енгізілді және халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің маңызды элементі болып табылады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Мемлекет басшысы 30 тамыз – 3 қыркүйек күндері Қытай Халық Республикасына барады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төраға Си Цзиньпиннің шақыруымен 30 тамыз – 3 қыркүйек күндері Қытай Халық Республикасына барады.