Қазақстанда ел алдындағы айрықша еңбегі үшін немесе төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен азаматтарға қосымша әлеуметтік көмек ретінде республикалық бюджеттен ай сайын арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша, оның алушылардың саны 208 668 адамды құрады, оларға 15,7 млрд теңге төленді. Бұл мемлекеттік қолдау түрі Қазақстанда 1999 жылы енгізілді және халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің маңызды элементі болып табылады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.