Күн жаңалықтары
25.08.2025
Жарияланымдар · 12
Президент Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованы қабылдады
Мемлекет басшысына денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі жай-күйі мен алдағы кезеңге арналған перспективті міндеттері жөнінде баяндалды.
Қазақстанда 3,1 млн тонна астық бастырылды
Егін жинау жұмыстары еліміздің 15 өңірінде жүргізілуде. Олардың қатарында Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары, сондай-ақ Абай, Жетісу облыстары мен Шымкент қаласы бар, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Ұлттық жоба: коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту үшін қаржыландыруды қалай алуға болады
Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру мақсатында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдар, екінші деңгейлі банктер және халықаралық қаржы институттары арқылы несиелендіру және субсидиялау жолымен табиғи монополиялар субъектілерін қаржыландыру жөніндегі қаржы операторы болып айқындалды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарушы директоры Әлия Мырзағалиева хабарлады.
Энергетика және ТКШ жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында 200-ге жуық жоба қаралды
Өткен жылдың желтоқсан айында Қазақстанда Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба бекітілді. Техникалық оператор болып ТКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы бекітілді. Техникалық оператордың негізгі рөлі – жобалардың орындылығын, басымдығы мен негізділігін бағалау, сондай-ақ олардың инфрақұрылымның тозуын азайтуға әсерін талдау. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Макка Шингазиева мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Жапонияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен министр Такеши Ивая сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-транзит және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-жапон кеңейтілген стратегиялық серіктестігінің қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады. Сондай-ақ халықаралық құрылымдар аясындағы ықпалдастық жөнінде пікір алмасты.
ҚР Энергетика министрлігі: Жалпы қуаты 7,3 ГВт электр станцияларын салу және жаңғырту жоспарлануда
Энергия өндіру саласындағы Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жалпы қуаттылығы шамамен 7,3 ГВт болатын 29 жобаны енгізу жоспарда бар. Жаңа энергия объектілерін жаңғырту және салу саласына инвестициялар көлемі 6,3 трлн теңгеден асады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры Асылжан Мусин мәлімдеді.
Қазақстанда Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі Ұлттық жоба іске асырылуда
Мемлекет басшысы 2024 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында бірінші кезектегі инфрақұрылымдық проблемаларды шешуге ерекше назар аударды. Осы мақсатта өткен жылдың желтоқсан айында Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі Ұлттық жоба бекітілді. Ұлттық жоба тозған инфрақұрылымды ауқымды жаңартуды көздейді. Энергетика және коммуналдық секторлардағы өзекті мәселелер ел бойынша жөндеу қуатын ұлғайту жолымен және желілердің тозу деңгейі жоғары өңірлерге баса назар аудара отырып шешілмек. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Тимур Қосымбаев мәлімдеді.
Президент Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
Мемлекет басшысына биылғы жеті айдағы сот жүйесі қызметінің қорытындылары жөнінде баяндалды.
Абай облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясындағы ауқымды акциялар өтті
Абай облысының бірнеше ауданында бір мезгілде экологиялық акциялар басталып, мыңдаған белсенділерді, қоғам өкілдерін, жастарды, мәдениет саласы қызметкерлерін біріктірді. Абай ауданында бұл бастамаға мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен жастар қосылды. Қарауыл ауылында Қарауыл төбе мен оған іргелес аумақтар тазартылып, ауылдық округтердің көшелері мен аумақтары жинастырылды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Қазақстанда суды аз қажет ететін жаңа күріш сорты шығарылды
Қызылорда облысында Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жаңа күріш сортын сынақтан өткізіп жатыр. «Сыр сұлуы» деп аталатын бұл сорт аз уақытта пісіп-жетілетіндіктен, суды да аз қажет етеді, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.
2025 жылдың басынан бері 8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
2025 жылда 8 051 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 156,1 мың этникалық қазақ оралды. Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың 44,2% Өзбекстаннан, 43,2% – Қытайдан, 5% – Түрікменстаннан, 2,7% - Монғолиядан, 2,4% – Ресейден, және 2,5% басқа елдерден, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Жолдау-2024: Президенттің экспортты дамыту және отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі тапсырмалары қалай орындалып жатыр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында сауда саласын дамыту және еліміздің экспорттық әлеуетін күшейту мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі ретінде аталды. Президент отандық тауар өндірушілердің позициясын нығайту, шикізаттық емес экспорт көлемін арттыру, шағын және орта бизнеске қолайлы жағдай жасау сияқты нақты міндеттер қойды. Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру үшін бизнесті жүргізудің ашық қағидаларын әзірлеп, ішкі сауданы дамытуда және отандық тауарлардың сыртқы нарыққа шығуына қажетті инфрақұрылым қалыптастырады, деп хабарлайды Primeminister.kz.