2025 жылда 8 051 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 156,1 мың этникалық қазақ оралды. Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың 44,2% Өзбекстаннан, 43,2% – Қытайдан, 5% – Түрікменстаннан, 2,7% - Монғолиядан,  2,4% – Ресейден, және 2,5% басқа елдерден, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.