Өткен жылдың желтоқсан айында Қазақстанда Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба бекітілді. Техникалық оператор болып ТКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы бекітілді. Техникалық оператордың негізгі рөлі – жобалардың орындылығын, басымдығы мен негізділігін бағалау, сондай-ақ олардың инфрақұрылымның тозуын азайтуға әсерін талдау. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Макка Шингазиева мәлімдеді.