Түркістан облысында «Казкрахмал» ЖШС жүгеріні терең өңдеу жобасын жүзеге асыруды жалғастыруда. Қазіргі таңда шикізатты қабылдау, кептіру және сақтау кешендері іске қосылды. Өндірістік қуаттарды енгізу және қалдықсыз өңдеу технологиясын қолдану жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.