2025 жылдың басынан бері әлеуметтік инспекторлар 860 тексеру жүргізді, оның 343-і жоспардан тыс, 272 – профилактикалық бақылау шеңберінде, 245 – прокуратураның талабы бойынша өтті. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 405 ұйғарым берілді, 54,3 млн теңгеден астам сомаға 260 айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.