Еліміздің бірқатар ЖОО-лары жанынан ахуалдық және дағдарыс орталықтары ұйымдастырылды. Ахуалдық орталық студенттерді жатақханалардағы орындар туралы хабардар етеді, дағдарыс орталықтары форс-мажор жағдайларда тұрғын орынмен қамтамасыз етеді. Ахуалдық орталық Қазақ ұлттық педагогикалық қыздар университетінде, дағдарыс орталығы М. Тынышпаев атындағы көлік және логистика университетінде орналастырылды. Бұл туралы ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының м.а. Ақерке Абылайхан ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
ЖОО жанында ахуалдық және дағдарыс орталықтары жұмыс істейді
Тегтер:
білім беру