Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

02.09.2025

Жарияланымдар · 8

Қазақстандағы күзгі шақыру науқаны: шақыру қағаздары SMS және eGov арқылы жіберіледі

Биыл күзгі шақыру науқаны, бірқатар жаңашылықты қоспағанда, көктемгі науқанмен бірдей өтеді. 16 шілдеде Мемлекет басшысы Әскери-патриоттық тәрбие туралы Заңға қол қойды. Осыған сәйкес SMS-хабарламалар ресми түрде әскерге шақырылушыларды хабардар етудің тиісті тәсілі ретінде танылды. Енді шақырылатын азаматтарды шақыру бірнеше жолмен жүзеге асырылады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары Фархат Айдарбаев мәлімдеді.

15:00Жаңалықтар

Әскердегі сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді

Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды медициналық тексеру процесін цифрландыру іс-шарасы шеңберінде медициналық ақпараттық жүйелерді өңірлердің әскерге шақыру пунктерімен интеграциялау жұмысы жалғасып жатыр, ол азаматтарды медициналық куәландыру процесін автоматтандыруға мүмкіндік береді. Ал,  әскердегі құқықтық тәртіптің сақталуы, әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау үшін Қорғаныс министрлігі бірқатар шара қабылдады. Бұл жайында ҚР Қарулы күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары Фархат Айдарбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

14:50Жаңалықтар

Жыл соңына дейін әскерге 22 мыңға жуық азамат шақырылады

Биыл қыркүйек айынан бастап жергілікті атқарушы орган әкімдері орынбасарларының басшылық етуімен 195 қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиясы азаматтарды күзгі мерзімді әскери қызметке шақыруға кірісті. Желтоқсан айының 30-на дейін Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негізі жоқ, 18-ден 27 жасқа дейінгі 22 мыңға жуық ер азамат толықтырады. Бұл туралы ҚР Қарулы күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары Фархат Айдарбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

14:40Жаңалықтар

Павлодар облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында алғашқы мектеп ашылды

Павлодар облысында Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған алғашқы мектептің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға министр Ғани Бейсембаев пен облыс әкімі Асаин Байханов қатысты, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

11:43Президенттің тапсырмалары

Үлескерлік құрылыс туралы заңға енгізілген өзгерістер: үлескерлерді қорғаудың жаңа бағыты

АҢДАТПА!

11:02Баспасөз хабарламалары

Шымкент қаласында жылу желілерін құбыр ішінен роботталған кешен көмегімен диагностикалау пилоттық жобасы сәтті аяқталды

Роботтандырылған құбырішілік диагностика кешені акустикалық резонанс әдісіне негізделген. Ол болат құбырлардың қалған қалыңдығын анықтауға мүмкіндік береді. Кешен мобильді зертхана, құбыр ішілік инспекциялық құрал және мәліметтерді жинау мен сақтау жүйесінен тұрады. Мәліметтерді өңдеуде жасанды интеллект технологияларын қолданып, ақауларды дәлірек анықтап, оператордың жұмысын жылдамдатады, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

11:00Жаңалықтар

Қарағанды облысында ғылым мен бизнеске арналған хаб құрылады

Қарағанды облысында Қазақстандағы тұңғыш аймақтық инновациялық индустриялық хаб – «Картех» іске қосылмақ. Жаңа орталық ғылым мен өндірісті тоғыстырып, озық технологияларды енгізу және қолданбалы ғылымды дамыту үшін мемлекет, бизнес пен ғылыми қауымдастықтың күшін біріктіреді, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

10:16Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің сегізінші отырысында сөз сөйледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Қазақстанның тағдыр қосқан тату көршісі, жақын досы және мәңгілік стратегиялық серіктесі екенін атап өтті.

10:04Жаңалықтар