Биыл күзгі шақыру науқаны, бірқатар жаңашылықты қоспағанда, көктемгі науқанмен бірдей өтеді. 16 шілдеде Мемлекет басшысы Әскери-патриоттық тәрбие туралы Заңға қол қойды. Осыған сәйкес SMS-хабарламалар ресми түрде әскерге шақырылушыларды хабардар етудің тиісті тәсілі ретінде танылды. Енді шақырылатын азаматтарды шақыру бірнеше жолмен жүзеге асырылады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары Фархат Айдарбаев мәлімдеді.