Роботтандырылған құбырішілік диагностика кешені акустикалық резонанс әдісіне негізделген. Ол болат құбырлардың қалған қалыңдығын анықтауға мүмкіндік береді. Кешен мобильді зертхана, құбыр ішілік инспекциялық құрал және мәліметтерді жинау мен сақтау жүйесінен тұрады. Мәліметтерді өңдеуде жасанды интеллект технологияларын қолданып, ақауларды дәлірек анықтап, оператордың жұмысын жылдамдатады, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.