Күн жаңалықтары
29.09.2025
Жарияланымдар · 20
Қанат Бозымбаев Alatau City жобасының даму барысымен танысты
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Алматы облысына ресми жұмыс сапары аясында Alatau City мегажобасының төрт негізгі аймағында – Gate, Golden, Growing және Green аудандарының құрылысқа дайындық барысын тексеріп, бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Мемлекет басшысы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен ұлттық жобаларды тиімді іске асырудың маңызды екенін атап өтті.
Қазақстанда 18,4 млн тонна астық бастырылды
Еліміздің өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасуда. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі таңда 12 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 74,9%-ы жиналды. Нәтижесінде 18 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде ұлттық цифрлық инфрақұрылымды одан әрі өркендету, экономика мен әлеуметтік саланың негізгі бағыттарына жасанды интеллектіні енгізу, сондай-ақ азаматтар мен бизнес үшін мемлекеттік цифрлық қызмет көрсетудің сапасын арттыру жөнінде тапсырма берді.
Ернар Лазар ҚР Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Италия Президенті Серджо Маттарелла БАҚ өкілдеріне арналған бірлескен мәлімдеме жасады
Келіссөздер аяқталғаннан кейін Қазақстан мен Италия Президенттері БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Қазақстанның Еуропа Одағындағы маңызды әрі сенімді стратегиялық серіктесі екенін атап өтті.
Талапқа сай келмейтін базарлардың қызметі тоқтатылады
Ел заңнамасының талаптарына сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңғырту жұмыстарын аяқтамаған базарлардың иелеріне қатысты әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Ал, талаптар орындалмаған жағдайда, сауда базарларының қызметін уақытша тоқтату немесе кейіннен толық жабу туралы материалдар сотқа жолданады. Бұл туралы ҚР СИМ Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты.
ҚР СИМ 2029 жылға қарай заманауи сауда форматының үлесін 70%-ға жеткізуді көздеп отыр
Ел аумағындағы базарларды жаңғырту қажеттілігі «Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңына сәйкес бекітілген. Бұл жұмыстың аяқталу мерзімі үш рет, яғни 2018, 2021 және 2023 жылдары кейінге қалдырылды. Депутаттардың қолдауымен бірыңғай түпкілікті мерзім ретінде 2026 жылдың 1 қаңтары белгіленді. Бұдан кейін базарларды жаңғырту мерзімі ұзартылмайды. ҚР СИМ Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деп мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Италия Президенті Серджо Маттарелланы І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан және Италия арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға айрықша үлес қосқаны үшін Президент Серджо Маттареллаға І дәрежелі «Достық» орденін салтанатты түрде табыстады. Сондай-ақ бұл қазақ елінің шынайы құрметі, барша Италия халқына деген достық пейілі мен ыстық ықыласының айғағы екенін жеткізді.
Қазақстан мен Италия президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Серджо Маттарелланың келіссөзі екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғасты.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Серджо Маттарелла келіссөз жүргізді
Ақордада Астанаға ресми сапармен келген Италия Президенті Серджо Маттарелланы салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.
ҚР ТСМ: Курорттық аймақтар үшін арнайы құқықтық режим орнату ұсынылады
Бүгінде Қазақстандағы курорттық аймақтардың қызметі жүйелі түрде реттелмеген. Территорияларды курорттық аймақтар санатына жатқызу тәртібі мен критерийлері, бекітілген тізімі мен институционалды шекаралары жоқ. Осы орайда Туризм және спорт министрлігін курорттық аймақтардың қызметін реттеу қағидаларын әзірлеу және бекіту, сондай-ақ олардың тізімін бекіту жөніндегі өкілеттіктермен қамтамасыз ету ұсынылды. Бұл жайында ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.
Туристердің қауіпсіздігі мен курорттық аймақтардың инфрақұрылымы басты назарда
Жүзу маусымындағы негізгі мәселелердің бірі – туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, яғни тыйым салынған жерлерде жүзу құралдарының бақылаусыз қозғалысы болып тұр. Демалушылардың қауіпсіздігін күшейту мақсатында 2025 жылдан бастап Жалпы су пайдалану қағидалары күшіне енді. Өңірлерге жағажайлар мен жағалау аумақтарын қауіпсіздік талаптарына сәйкес келтіру жөнінде ұсыныстар жолданды. Осыған байланысты құтқару қызметтерінің жұмысын ұйымдастыруға бақылауды күшейту, құтқарушылардың санын арттыру және құтқару бекеттерін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету қажет. ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында осылай деп мәлімдеді.
Еліміздің туризм саласына құйылған инвестиция көлемі 27%-ға өсті
Туризм – ұлттық экономиканы әртараптандырудың драйверлерінің бірі. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша туризм саласында тұрақты оң көрсеткіштерге қол жеткізілді. Ішкі туризм бойынша орналастыру орындарында қызмет көрсетілген азаматтардың саны 3,9 млн адамға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 500 мыңға көп. Ішкі туристер санының айтарлықтай өсуі әсіресе Алматы облысында, Қызылорда облысында және Ақтөбе облысында тіркелді. Бұл туралы ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Жандос Өмірәлиев Бас Прокурордың бірінші орынбасары болып тағайындалды
Жұлдыз Сүлейменова оқу-ағарту министрі болып тағайындалды
Ғани Бейсембаев оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды
Жаслан Мәдиев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды
Биыл сегіз ай ішінде 9,5 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
2025 жылда 9 586 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 157,6 мың этникалық қазақ оралды. Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың 45,7% Өзбекстаннан, 41,8% – Қытайдан, 4,6% – Түрікменстаннан, 2,7% – Монғолиядан, 2,6% – Ресейден және 2,6% басқа елдерден, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
«Инфосығандар» жалған ақпарат тарату стратегиясының бөлігі ретінде. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының жаңа шығарылымы
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының жаңа шығарылымында «Инфосығандар» феномені зерттеліп, оның саяси белсенділердің манипуляцияларына ұқсас қауіпті тұстары туралы баяндалады.