Ел аумағындағы базарларды жаңғырту қажеттілігі «Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңына сәйкес бекітілген. Бұл жұмыстың аяқталу мерзімі үш рет, яғни 2018, 2021 және 2023 жылдары кейінге қалдырылды. Депутаттардың қолдауымен бірыңғай түпкілікті мерзім ретінде 2026 жылдың 1 қаңтары белгіленді. Бұдан кейін базарларды жаңғырту мерзімі ұзартылмайды. ҚР СИМ Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деп мәлімдеді.