Ел заңнамасының талаптарына сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңғырту жұмыстарын аяқтамаған базарлардың иелеріне қатысты әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Ал, талаптар орындалмаған жағдайда, сауда базарларының қызметін уақытша тоқтату немесе кейіннен толық жабу туралы материалдар сотқа жолданады. Бұл туралы ҚР СИМ Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты.