Бүгінде Қазақстандағы курорттық аймақтардың қызметі жүйелі түрде реттелмеген. Территорияларды курорттық аймақтар санатына жатқызу тәртібі мен критерийлері, бекітілген тізімі мен институционалды шекаралары жоқ. Осы орайда Туризм және спорт министрлігін курорттық аймақтардың қызметін реттеу қағидаларын әзірлеу және бекіту, сондай-ақ олардың тізімін бекіту жөніндегі өкілеттіктермен қамтамасыз ету ұсынылды. Бұл жайында ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.