Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

20.10.2025

Жарияланымдар · 11

Премьер-министр қазақстандық IT-мамандармен әлеуметтік саладағы және өнеркәсіптегі стартаптарды талқылады

Премьер-министр Олжас Бектенов қазақстандық IT-компаниялардың өкілдерімен Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттер шеңберінде білім беру, спорт және өнеркәсіп салаларындағы ЖИ-стартаптарды қолдау мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

17:51Президенттің тапсырмалары

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды Астана әуежайынан күтіп алды.

17:34Мемлекет басшысының қызметі

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл туралы

АҢДАТПА!

17:06Баспасөз хабарламалары

Қазақстанда 34 облыстық аурухана жаңартылуда: үш жылдың ішінде 70-тен астам бейінді бөлімше ашылады

Қазақстанда терапиялық бейіндерді дамытуға және халыққа мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған 34 облыстық аурухананы жаңғыртудың ауқымды бағдарламасы іске асырылуда. Жоба алты бағытты қамтиды: терапия бөлімшелерін ашу, құзыреттілік орталықтарын құру, телемедицинаны дамыту, симуляциялық орталықтарды іске қосу, медициналық кадрларды оқыту және жабдықтарды жаңарту, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

15:42Жаңалықтар

Интернеттің көрінбейтін армиясы: комментарийлер арқылы қоғамдық пікірді кім басқарады? Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының жаңа шығарылымы

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының жаңа шығарылымында қолданушы мен тролльді қалай ажыратуға болатыны, неліктен пікірлер ақпараттық соғыстың құралына айналып бара жатқаны және манипуляциядан қалай қорғануға болатыны туралы біле аласыз.

15:00Жаңалықтар

XXV Жазғы Сурдлимпиадаға Қазақстан атынан 79 спортшы қатысады

Қазақстанның ұлттық құрамасы XXV Жазғы Сурдлимпиадаға дайындықтың шешуші кезеңінде. Біздің сурдоспортшылар ел абыройын халықаралық аренада абыроймен қорғап келеді. Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан спортшылары сегіз Сурдлимпиадада 42 медаль жеңіп алды, оның ішінде 8 алтын, 8 күміс және 26 қола медаль бар. Бұл жайында ҚР Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің президенті Серік Сәпиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

14:40ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Қазақстанда 26,3 млн тонна астық бастырылды

Егін жинау науқаны аяқталуға жақын. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі таңда 15,7 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 97,9%-ы жиналды. Нәтижесінде 26,3 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

14:22Жаңалықтар

Су тарифтері өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін ескере отырып белгіленеді

Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың халық үшін ауыз суға тарифті дербес белгілеу ережелері енгізілді. Бұл ретте оның мөлшері тиісті жылдың 1 қаңтарындағы республика бойынша орташа тариф шегінде болуға тиіс. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков мәлімдеді.

11:50ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Қазақстан халық үшін ауыз судың құнын төмендету жөнінде шаралар қабылдап жатыр

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстанда сумен жабдықтау жүйелерін салу және реконструкциялау есебінен халықты сумен жабдықтау қызметтерімен 100% қамтамасыз ету науқаны жүргізілуде. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков мәлімдеді.

11:40Жаңалықтар

26 мыңнан астам адам скорингтік модель арқылы қосымша қолдау алды

Қарағанды облысы мен Шымкент қаласында отбасылардың әл-ауқатын анықтауда скорингтік модельді пайдалана отырып, мемлекеттік қолдау шараларын тағайындау бойынша пилоттық жобаны іске асыру жалғасуда. Қазіргі уақытта 4 мемлекеттік қызмет толығымен енгізілді, 26,1 мың өтініш берушіге қосымша қолдау шаралары көрсетілді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

10:39Жаңалықтар

2,3 мың адам арнайы орталықтарда өздерінің біліктілігін растады

2025 жылы 2,3 мың адам кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өту мүмкіндігін пайдаланды. Бұл рәсім ресми емес және (немесе) информалды білім беру арқылы алынған білім мен дағдыларды растап, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыруға көмектеседі, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

10:04Президенттің тапсырмалары