Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

21.10.2025

Жарияланымдар · 16

Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаичиге құттықтау хатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Санаэ Такаичиді Премьер-министр лауазымына сайлануымен құттықтап, Жапонияның игілігі жолындағы бастамаларына сәттілік тіледі.

18:30Жаңалықтар

Қазақстанда 2025 жылғы Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы аяқталды

Ауыл шаруашылығы санағы 1 тамыздан бастап БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) ауыл шаруашылығы санақтарының оныншы дүниежүзілік бағдарламасы аясында өткізілді және ол еліміз бойынша шамамен 1,6 млн үй шаруашылығын және 300 мың ауыл шаруашылығы құрылымын қамтыды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

17:47Жаңалықтар

Қазақстан мен Әзербайжан президенттері Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығына барды

Орталықта Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев цифрлық технологияларды дамыту және жасанды интеллектіні қолдану жетістіктерімен танысты.

17:31Мемлекет басшысының қызметі

Елімізде 100-ге жуық мектеп бірыңғай дизайнмен безендірілді

«Адал азамат» бағдарламасы шеңберінде әзірленген бірыңғай дизайн-кодпен 100-ге жуық білім ордасы жаңарып, ұлттық болмыс пен заманауи стиль үйлесім тапты, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

16:31Президенттің тапсырмалары

Қазақстан мен Әзербайжан президенттері брифинг өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев екіжақты келіссөз және Қазақстан – Әзербайжан Жоғары мемлекетаралық кеңесі отырысының қорытындылары бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өткізді.

15:31Мемлекет басшысының қызметі

ҚР ІІМ ата-аналарды нашақорлықтың алдын алу жөніндегі жұмысқа атсалысуға шақырады

Қазақстанның барлық өңірінде есірткі қылмысының алдын алуға және халықтың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік және профилактикалық іс-шаралар өткізіледі. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов мәлімдеді.

15:00Жаңалықтар

Қазақстанда азаматтарды есірткі қылмыстарын әшкерелеуге көмектескені үшін ынталандыру жоспарда бар

Қазақстанда есірткі қылмысына қарсы күрес бойынша кешенді жұмыс жалғасып жатыр. Бұл туралы ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

14:50ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Қазақстанда 3 млн доза синтетикалық есірткі заңсыз айналымға жіберілмеді

ҚР Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың нәтижелерімен бөлісті. Ағымдағы жылдың 9 айында 6 мыңнан астам есірткі құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде өткізу фактілері бойынша 1,7 мың, аса ірі мөлшерде есірткіні сақтаудың 300 фактісі, құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірудің 379 фактісі, контрабанданың 117 фактісі тіркелді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов мәлімдеді.

14:40ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Президент Қазақстан үш жыл ішінде жаппай цифрлық елге айналуы керек деген мақсат қойды: Үкіметте жобаларды жүзеге асыру барысы қаралды

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылым саласын дамыту мәселесі қаралды. Онда Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, сондай-ақ байланыс операторлары мен интернет-провайдерлер өкілдері баяндама жасады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

14:10Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиевке Орта дәлізді дамыту жобасы таныстырылды

Мемлекеттер басшыларына қазақ-әзербайжан мамандарының Орта дәлізді дамыту бойынша атқарып жатқан жүйелі жұмыстары жөнінде мәлімет берілді.

13:30Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен келіссөз жүргізді

«Ақорда» резиденциясында Әзербайжан Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді. Екі елдің әнұрандары орындалған соң президенттер келіссөз залына барды.

12:27Мемлекет басшысының қызметі

Қазақстандағы егін жинау науқанының барысы туралы

АҢДАТПА!

11:23Баспасөз хабарламалары

Қазақстанда 2025 жылдың аяғына дейін тағы 23 өрт сөндіру депосы салынады

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Арынов Үкімет отырысында төтенше жағдайларға жедел ден қоюды арттыру шараларын қабылдау жұмыстары туралы баяндады. Төтенше жағдайларға мониторинг жүргізіп отыру үшін жасанды интеллект арқылы талдау және геоақпараттық жүйелер енгізілді, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.

10:32Президенттің тапсырмалары

2025 жылдың басынан бері 5,3 мыңнан астам қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды

2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 5387 азаматқа зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды. Аталған төлемді тағайындауға жалпы 5468 адам өтініш білдірген, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

10:01Жаңалықтар

2027 жылға қарай халықтың 100%-ы интернетпен қамтылады

Соңғы үш жылда телекоммуникация саласына 1 трлн теңгеден астам инвестиция бағытталды. Бұл елдегі интернеттің орташа жылдамдығын 94 Мбит/с дейін арттыруға мүмкіндік берді, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.

09:20Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту: жаңа ауруханалар, медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және цифрлық шешімдер

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмалары шеңберінде Үкімет, оның ішінде Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмек сапасын арттыру, инфрақұрылымды дамыту, кадрлық әлеуетті нығайту және денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:12Жаңалықтар