Қазақстанның барлық өңірінде есірткі қылмысының алдын алуға және халықтың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік және профилактикалық іс-шаралар өткізіледі. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов мәлімдеді.